ТЖД тұрғындардың мұржаларды тазалау жұмыстарына назар аударып отыр
1 қазаннан бері Алматыдағы жеке тұрғын үй секторларында 179 өрт жағдайы тіркелген. Бұл былтырғымен салыстырғанда 26% пайызға төмен. Аталған ақпаратты қалалық төтенше жағдайлар департаменті растап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сондай-ақ көмірқышқыл газынан уланғандардың да саны біршама төмендеп, биыл тек 11 адамды көрсетті. Қауіптің алдын алып, қатерден сақтау үшін Әуезов аудандық төтенша жағдайлар басқармасының қызметкерлері жалпы саны 45 үйге көмірқышқыл газын анықтау құрылғыларын орнатқан еді. Одан бөлек, тұрғындардың мұржаларды тазалау жұмыстары да назардан тыс қалмады.
«Аудандық әкімшілік тарапынан алынған тізім бойынша 88 әлеуметтік осал топта үйлер бар. Сол үйлердің ішінде қатты отынмен жылытылатын 45 үй бар. Қазіргі таңда 31 үйге улы газ анықтайтын датчикті орнатылған болатын. Бүгінгі іс-шара қалған 14 үйге улы газ анықтайтын құрылғы орнатып жатырмыз», – деді Әуезов ауданы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Абай Асылбаев.