Алматыдағы тау бөктерінде 100-ге жуық қауіпті нысан бар

08.02.2024 19:30

Қауіпті аймақта құрылыс жүргізіп жатқан 90-нан астам ұйым анықталды

Almaty.tv

Алматыдағы тау бөктерінде қауіпті деп саналатын 100-ге жуық нысан бар. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төтеншеліктер мұндай үйлердің қаупі туралы ескертіп, оларға қатысты жиі мониторинг жүргізілетінін айтты. Сондай-ақ табиғи апаттан бөлек, құрылыс кезінде құбырлардың дұрыс салынбауы да қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін.

– Қауіпті аймақта құрылыс жүргізіп жатқан 90-нан астам ұйым анықталды. Барлық нысан бойынша тиісті шаралар қабылданып,  мемлекеттік органдарға хат жолданды. Өкінішке қарай, тұрғын үй құбырларында ақау жиі кездеседі, салдарынан түрлі жағдай болады. Сондықтан алдын алу үшін төтеншеліктер мен «Қазселденқорғау» бірлесіп, тексеру жұмыстарын жиі ұйымдастырады, – деді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Гүлдана Нұрымбетова.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы лай көшкіні: көз жұмғандардың саны артты