Kitap Fest Almaty кітап фестивалінде неше кітап тегін таратылды

11.09.2023 19:30

Дәстүр бойынша фестивальде «Ауылға кітап» акциясы өтті

almatydc.kz

Алматының «Арбат» алаңында BAURZHAN foundation қоры ұйымдастырған жыл сайынғы Kitap Fest Almaty кітап фестивалі өтті. Қазақстанның халықаралық деңгейдегі алғашқы кітап фестивалі болып табылатын мәдени-бұқаралық іс-шара Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының және Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қолдауымен 2014 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл Kitap Fest фестиваліне 20 мың адам қатысып, бір күнде 7800 кітап сатылды.

BAURZHAN қорының құрылтайшысы, кітап фестивалінің негізін қалаушы Жұлдыз Омарбектің айтуынша, Kitap Fest-шығармашыл және дарынды адамдарға арналған бірегей алаң. Биыл қала күніне тұспа-тұс келген Kitap Fest Almaty фестивалінің тақырыбы: «Ұлттық әдебиет. Ұлттық тіл. Ұлттық дәстүрлер».

- 9 жыл ішінде Kitap Fest алматылықтар үшін ең сүйікті іс-шараға айналды. Елорда күніне орай біз шілде айында кітап фестивалін Астана қаласында екінші рет өткіздік. Оқу мәдениетін ілгерілетуге арналған біздің фестиваль, жазушылар мен олардың оқырмандары үшін бірыңғай алаң құрып, балалар мен жастар арасында кітапқа деген қызығушылықты арттыру болып табылады. Кітап фестивалі-қазақстандық жазушылармен кездесулерден бастап балаларға арналған танымдық шеберлік сабақтарына дейінгі интерактивті орта. Біз халықты оқуға тарту, кітаптың, мәдениет пен білімнің маңызын арттыру, қазақстандық жазушылар мен олардың әдеби шығармаларын насихаттауға жәрдемдесу үшін жұмыс істеп жатырмыз, - деп атап өтті Kitap Fest кітап фестивалінің бас үйлестірушісі Майра Әлжанова.

Алматы кітап фестивалі кітап сүйер қауым үшін ауқымды бағдарлама дайындады: отандық жазушылар жаңа кітаптарын таныстырды. «Оффлайн кітаптар туралы» шатырында танымал жазушылар, қоғам қайраткерлері мен блогерлер пікір алмасты. Алматылықтарға иллюстрацияланған кітап көрмесі, шеберлік сыныптары, түрлі байқаулар мен акциялар, Қазақстанның ірі баспалары мен кітап дүкендерінің жәрмеңкесі ұсынылды. Биылғы жылы кітап фестивалінде 50-ден астам кітап дүкендері мен баспалар өз өнімдерін ұсынды. 28 жаңа кітаптың тұсауы кесілді.

Сонымен қатар, фестиваль қонақтары әкелінген кітаптармен алмасуға, ұнаған кітаптарды жеңілдікпен сатып алуға немесе оларды толығымен тегін алуға мүмкіндік алды. Биылғы жылы кітап фестивалінде "Кітап лабиринті" құрылды, онда келушілерге әртүрлі жанрдағы 5000 тегін кітап таратылды.

Сондай-ақ, фестиваль 40-қа жуық пікір көшбасшылары сөз сөйлеген алаңға айналды: Досым Сәтбаев, Ділдар Мамырбаева, Елдос Тоқтарбай, Бейбіт Сарыбай, Смағұл Елубай, Абылай Юсупов және басқа да көптеген танымал тұлғалар қазіргі әдебиеттегі өзгермелі үрдіс туралы пікірлерімен бөлісті.

Фестивальде 40-қа жуық пікір көшбасшылары сөз сөйледі: Досым Сәтбаев, Ділдәр Мамырбаева, Елдос Тоқтарбай, Бейбіт Сарыбай, Смағұл Елубай, Абылай Юсупов, Мұхамеджан Тазабек және басқа да көптеген танымал тұлғалар қазіргі әдебиеттегі үрдіс жайлы сөз қозғады. Сондай-ақ, жазушылар «Менің алғашқы ертегілерім», «Как оседлать единорога?», «Tarmaqtar» және басқа да жаңа кітаптардың тұсаукесері өтті.

Оның пікірінше, онжылдықта Kitap Fest шығармашылық тұлғалар мен кітапқұмарлар үшін беделді және қуатты алаңға айналды.

- Жаңа Қазақстанға оқитын және білімді жастар қажет. Сондықтан мұндай іс-шараларды өткізу оқу мәдениетін қалыптастырады.  Кітап оқитын адам сана көкжиегін кеңейтеді, логикасын, ойлауын дамытады, есте сақтау қабілетін жақсартады. Kitap Fest көптеген адамдарды біріктіріп қана қоймай, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып жүр. Сіздерге қажырлықпен қатар, кітап оқуды насихаттау, оқу мәдениетін қалыптастыру жолында зор табыс тілеймін, - деді жазушы.

Дәстүр бойынша фестивальде «Ауылға кітап» акциясы өтті, онда әрбір адам кітапты Қазақстанның ауылдық кітапханаларына тапсыра алды. Биыл фестивальде 3 мыңға жуық кітап жиналды.

Оқи отырыңыз: Ұлағатты сөзім ұрпаққа: Алматыда республикалық жыршы-термешілердің фестивалі өтті