|
25.11.2021 | 14:37
3256

Алматы көшелерін қардан тазарту жұмыстары қалай жүргізіледі

Қала әкімінің орынбасары көшелерді күтіп ұстайтын мердігерлердің конкурстық негізде анықталатынын айтты

Алматы көшелерін қардан тазарту жұмыстары қалай жүргізіледі пресс-служба акима Алматы

Қала көшелеріндегі қардан тазарту технологиясы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында қала әкімінің орынбасары Серік Құсайынов айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ол көшелерді тазалау жөніндегі бюджеттік бағдарламаның әкімшілері Алматы қаласының аудандық әкімдіктері екенін, олар конкурстық негізде көше-жол желісін күтіп ұстау жөніндегі мердігерлерді айқындайтынын хабарлады. Олар көшелерді күтіп ұстауға бақылау жасайды.

«Әрбір көшеге бюджет қаражатын бөлу оның санатына сәйкес жүру бөлігінің, тротуардың, жол жиегінің еніне, бөлу жолағының, арық желісінің болуына, қоғамдық көлік аялдамаларының санына және т.б. байланысты жүргізіледі. Көше санатына байланысты оны жинау еселігі де артады, мысалы, магистральдық көшелер күніне екі рет тазаланады», – деді спикер.

С. Құсайыновтың айтуынша, көшелерді қысқы тазалау бойынша жұмыстарды жүргізу технологиясына сәйкес жолдардың жүру бөлігін көктайғаққа қарсы материалдармен себу қар жауа бастағаннан кейін 20-40 минут өткен соң жүзеге асырылады, өйткені көктайғаққа қарсы материалдың сіңуі үшін жеткілікті қар қалыңдығы қажет.

Қарды сыпыру аудан әкімдіктері бекіткен кесте бойынша, бірінші кезекте негізгі көшелерден асфальтқа жабыспайтын борпылдақ қар массасы пайда болғаннан кейін жүргізіледі. Көктайғаққа қарсы себу әрбір 5 см жаңадан жауған қардан кейін жүргізіледі, содан кейін қайтадан қар күрейді, содан кейін ол шығарылады.

«Аталған технология сақталмаған жағдайда көшелерде мұз пайда болады. Сондықтан көктайғақты болдырмау мақсатында қардың көктайғаққа қарсы материалармен араласуын және асфальтқа жабыспайтын және жол жиегінен оңай  алынатын жұмсақ қар массасының пайда болуын күту қажет», – деп түсіндірді С. Құсайынов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир