Бақытжан Сағынтаев Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

02.11.2021 19:32
пресс-служба акима Алматы

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Д.Канесспен кездесті. Бұл туралы әкім өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Д.Канесспен кездестім. Алматы мен Франция қалалары арасындағы экономика, денсаулық сақтау, көлік, логистика, туризм салаларындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланысты нығайту мәселелерін талқыладық», – деп жазады әкім.