Ержан Бабақұмаров Алматыдағы Телемедицина орталығының жұмысымен танысты

@almaty_akimat
@almaty_akimat
Орталықта 60 қызметкер жұмыс істейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен Ержан Бабақұмаров коронавирус пандемиясының жаңа толқынына дайындық бойынша шаралар аясында құрылған Телемедицина орталығының жұмысын тексерді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осы жылдың қыркүйегінен бері қызмет етіп келе жатқан  орталықтың басты міндеті - консультативті медициналық көмек пен COVID-19 расталған жағдайлармен үй стационарындағы науқастарға мониторинг жасау.

Орталық дәрігерлері тәулік бойына пациенттерге коронавирус инфекциясынан емделу жөнінде видео кеңес жүргізеді, үй жағдайында емделіп жатқан ауруы жеңіл және орташа деңгейдегі пациенттерге қадағалау жүргізеді. Егер де жағдайлары нашарласа, науқастарды стациорарларға жатқызу үшін Жедел жәрдем станциясынмен байланысқа шығады.

Орталықта 60 қызметкер жұмыс істейді, қала халқына тәулік бойы бір мезетте 15 оператор көмек көрсетеді.

Екі айлық жұмыс мерзімі ішінде 6 мыңнан көп аудио және видеоқоңырауларға қызмет көрсетілді. Соңғы айда, тұрақты түрде мониторинг жасау арқасында, 35 науқас уақтылы ауруханаларға жатқызылды.

Новости партнеров