Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының ақпараты бойынша Достық даңғылы 170/1 мекенжайы бойынша учаскедегі сауда нысандары заңсыз салынған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Сауда павильондарын бұзу туралы шешімді сот 2023 жылдың 2 мамырында шығарды. Қазір дүңгіршектерді бөлшектеп бұзу жұмысы басталды.
Сол учаскеде орналасқан ғимаратты бұзу бойынша сот процесі де аяқталды.
Бұған дейін басқарма меншік иесіне қатысты 2022 жылғы 28 қазанда Медеу аудандық сотына бұзу туралы талап арыз берген болатын. 2023 жылдың 9 маусымда сот шешімімен бұзу талабы қанағаттандырылды. 2023 жылғы 29 тамызда Алматы қалалық сотының қаулысымен Медеу аудандық сотының шешімі өзгеріссіз қалды.Қазіргі таңда атқару парағы Әділет департаментіне жіберіліп, орындалуда.
Оқи отырыңыз: Атырау облысында жер қойнауын пайдаланушыға айыппұл салынды