Бұл туралы тұрғындармен кездесу барысында Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев айтты
Биыл Әуезов ауданының құрылғанына 50 жыл толды. Бұл туралы тұрғындармен кездесу барысында Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, ауданымызды құрылғанына 50 жыл толған мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!» – деді Досаев.
Айта кетейік, Әуезов ауданы Алматының халық ең тығыз қоныстанған ауданы болып табылады. Мұнда 1 шаршы километрге 13,1 мың адамнан келеді, бұл жалпы қалалық көрсеткіштен 4,5 есе жоғары.