JLC кәсіпорны бүгінгі таңда тәулігіне 80 тоннаға дейін сүт өндіреді
Алматы қаласының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшпелі кеңес шеңберінде JLC компаниясының сүт және сүт өнімдерін тікелей жеткізу мәселесі шешілді. «Алматы» ӘКК» АҚ, «Жетісу» ӘКК, «РИР» АҚ және өңір тауар өндірушілерінің қатысуымен Алматы және Алматы облысының әкімдіктері арнайы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.
JLC кәсіпорны бүгінгі таңда тәулігіне 80 тоннаға дейін сүт өндіреді, оның 75% өнімі (60 тонна) Алматыға жеткізіледі. Кәсіпорынның Алматыда 174, ал Талдықорғанда 18 меншікті дүкені бар. 2020 жылы компания дистрибьюторлық желі үшін 11 720 тонна өнім жеткізді, ал 2021 жылдың алғашқы 5 айында жеткізу 13,4% - ға артты, яғни 13 535 тоннаны құрады.
«Magnum Cash&Carry» ЖШС-мен сүт және сүт өнімдерін сату бойынша келісімнен арқасында JLC компаниясының қаланың сауда нүктелерінде және базарында болу көлемі 20-дан 55%-ға дейін артады. Қазіргі уақытта Алматыға сүт және сүт өнімдерін төмендетілген бағамен жеткізу үшін JLC компаниясына форвардтық қарыз бөлу мәселесі талқыланып жатыр.