2022 жылдың басынан бастап АҚЖ диспетчерлік бөліміне түскен шағымдар саны 2 есеге артты
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «Алматы қаласын сыртқы жарықтандыруды модернизациялау» жобасы бойынша МЖӘ шарты бұзылды. Осылайша, «Алматы Қала Жарық» МКК – нің «ABM - Вuilding 2007» ЖШС, «Электроремонт» ЖШС және «ABM - Project» ЖШС үш компаниядан тұратын жеке әріптес-консорциуммен шартты бұзу туралы талабы қанағаттандырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұрын жарияланғандай, жеке серіктес шарт бойынша өз міндеттемелерін жосықсыз орындады және пайда болған көше жарықтандыру мәселелерін шеше алмады. Соның салдарынан, қала күнде қараңғылыққа батып, қала тұрғындарының шағымдары көбейе бастады.
МЖӘ шарты қашан жасалды?
Мұның бәрі 2018 жылы Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы, сондай - ақ ведомстволық бағынысты ұйым – «Алматы Қала Жарық» ШЖҚ МКК (АҚЖ) «Алматы қаласының сыртқы жарықтандыруын модернизациялау» жобасы бойынша МЖӘ шартын үш компания құрамындағы жеке әріптес - консорциуммен жасасқан кезде басталды: «ABM-Вuilding 2007» ЖШС, «Электроремонт» ЖШС және «ABM-Project» ЖШС. Жеке серіктес модернизацияны ғана емес, сонымен қатар қолданыстағы жарық нүктелеріне техникалық қызмет көрсетуді және ағымдағы жөндеуді өз мойнына алды, 2020 жылы бұл жұмыстардың көлемін 2 еседен астамға арттырды.
Бірақ ынтымақтастықтың барлық кезеңінде жеке серіктес МЖӘ объектілерін жобалау, модернизациялау және пайдалануға беру жөніндегі жұмыстарды орындау мерзімдерін бірнеше рет бұзды. Ал кейбір жұмыстар толығымен ақаулармен тапсырылды. 2022 жылдың басынан бастап энергетика және сумен жабдықтау басқармасы «Алматы Қала Жарық» компаниясымен бірлесіп, жеке серіктес іс жүзінде назар аудармаған жұмыстардың сапасы мен орындалу мерзімдері бойынша үнемі ескертулер жолдады. Сол себепті ағымдағы жылы сотқа талап арыз берілді.
Жеткізушіге қатысты қандай шағымдар болды?
Шарт жасалған кезде жеке серіктес жыл сайын 5 жыл ішінде (2019-2023 жж.) 8915 жарық нүктесін жаңартуға, яғни заманауи шамдар мен бағаналарды ауыстыруға міндеттенді. 2022 жылдың соңына қарай 35 661 жарық нүктесі қосылуы керек еді, ал 2023 жылдың соңына қарай барлығы 44 576. Бұл ынтымақтастықтың негізгі шарттарының бірі болды. Кейіннен, жеке серіктестің кестеден артта қалуына байланысты модернизациялау бойынша міндеттемелер үнемі ауыстырылып отырды, бұл МЖӘ шартына қосымша келісімдерде көрініс тапты. Мерзімдерді ауыстыру барысында модернизациялаудың соңғы жылына (ағымдағы) жеке серіктес 22 369 шам, 27 716 бағана және 310 қосымша шам (тротуар аймағын жарықтандыру үшін) орнатуға міндеттенді. Бұл шамамен үш жылдық норма, өткен жылғы жұмыс көлемі бойынша әлі де қарыз бар.
Осы жылдың ортасына қарай жеке әріптестің уәделерін орындай алмайтыны және қалған компоненттерді жыл соңына дейін модернизациялауды бітірмейтіні белгілі болды. Оның үстіне, барлық өткен жылдары мемлекеттік әріптестер міндеттемелерді орындау мерзімдері бойынша жеңілдіктерге барды және жасалған шарт бойынша төлемді уақтылы жүргізді - бүгінде ағымдағы жылдың соңғы үш айын қоспағанда, шарт бойынша барлық сомалар төленді. 2019-2023 жылдар кезеңінде әкімдік инвестициялар мен қызмет көрсету шығындарын өтеу есебінен шамамен 27 млрд теңге төледі.
Мерзімдер тек жай ғана сөз. Орындалған жұмыстардың сапасы да төмен. Консорциум орнатылған жабдық бойынша құжаттаманы ұсынбады. Бірде-бір жарық құрылғысы пайдалануға берілмейді және коммуналдық меншікке өтпеді. Нәтижесінде, жаңартылған шамдар әлі де жеке әріптестің меншігінде.
Тәуелсіз зерттеу нәтижелері:
СЖБШ тәуелсіз техникалық тексерудің нәтижелері көңіл көншітпейді-барлық тексерілген сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтарында ақаулар бар және жөндеуге, ал кейбір жерлерде – толық ауыстыруға жатады. Жеке әріптес орнатқан басқару шкафтарының ажыратқыштары сапасыз әрі бұл көше жарығының жиі сөнуіне себеп болды.
Бірақ ең үлкен алаңдаушылық-бүкіл қала бойынша СЖБШ ашық қалуы. Бұл әсіресе балаларға қолжетімді болды және электр тогының соғу қаупін тудырады. Сондай-ақ, бағаналара жерге тұйықталмаған, желілердің ұшқынына әкеліп соқтырды және азаматтардың өміріне қауіп төндірді.
Сондықтан, жарық нүктелеріне техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеуге мемлекеттік әріптестер мен тұрғындар тарапынан көптеген шағымдар мен ескертулер болды, қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығына төнетін қатерлерді айтпағанда, «ABM-Вuilding 2007» ЖШС, «Электроремонт» ЖШС және «ABM-Project» ЖШС-мен МЖӘ шартын бұзуға бастама жасау туралы шешім қабылданды. Айтпақшы, «Электроремонт» ЖШС биыл мемлекеттік сатып алу бойынша жосықсыз жеткізушілер реестріне енді.
Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін жекеше әріптеске берілген мемлекеттік мүлікті қайтару, шығындарды өтеу, сондай-ақ консорциумға айыппұл санкцияларын салу жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Алматылықтар қандай мәселеге қатысты жиі шағымданды?
Алматы тұрғындарының қаланың қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп түскен өтініштерге жасалған мониторинг пен талдау әрбір екінші шағымның жарықтандыру проблемаларына қатысы бар екенін және бұл жеке әріптестің өз міндеттемелеріне немқұрайлы қарауының салдары екенін көрсетті. 2022 жылдың басынан бастап АҚЖ диспетчерлік бөліміне түскен шағымдар саны 2 есеге артты, бүгінде сыртқы жарықтандыру сапасына 20 мыңнан астам шағым келіп түсті. Жарпықтандыру желісіндегі проблемаларды жоюмен тек 5-6 жөндеу бригадасы айналысты, олар жұмыс көлеміне төтеп бере алмады. Ал демалыс күндері бригадалар саны 2-3-ке дейін күрт азаяды. Шарт бойынша сегіз ауданның әрқайсысына 2 жөндеу бригадасы бөлінуі керек.
Қалада көшені жарықтандыру жағдайы қалай шешіледі?
Алматыдағы көше жарығының жағдайын жақсарту және мегаполис көшелеріні жарықпен тұрақты қамтамасыз ету үшін модернизация жүргізілмеген сыртқы жарықтандыру желілерін аудан әкімдіктерінің басқаруына беру туралы шешім қабылданды. Бұл шаралар сыртқы жарықтандыру желілеріне қызмет көрсету үшін жаңа шарттар жасауды жеңілдетеді. Қазіргі уақытта Алмалы ауданы әкімінің аппаратымен шарт жасалды, осындай шарттар қаланың қалған аудандарында да жасалатын болады.
Қалада көше жарықтандыру жағдайы қалай жақсарады?
Алматыдағы көше жарығының жағдайын жақсарту және мегаполис көшелерінде жарықтың тұрақты болуы үшін сыртқы жарықтандыру желілері аудан әкімдіктерінің басқауына беріледі.. Бұл шаралар желілерге қызмет көрсету үшін жаңа келісімшарттар жасауды жеңілдетеді. Қазіргі уақытта Алмалы ауданы әкімінің аппаратымен шарт жасалды. Енді учаскелерге бұрынғыдай 2 бригаданың орнына 5 -7 бригада шығады. Тұрғындардың өтінімдерін орындау уақыты қысқарды: жөндеуге өтінім бойынша жөндеуді күту 7-10 күнді құрайды. Сонымен қатар, 2 айдың ішінде қаланың орталық көшелері мен аулаларында, саябақтар мен скверлерде шамамен 14 км электр желілері ауыстырылды. Орталық көшелердің үлкен учаскелерінде – Төле би, Гоголь, Молдағұлова, Абай даңғылында 1200-ден астам шамдар ауыстырылды және жөнделді. Саябақтар мен қала көшелерінде электр жарығының кенет сөнуіне қатысты түсетін шағымдарды азайту үшін мердігер көшедегі жарықтандыруды бақылау бағдарламалық жасақтамасын әзірлейтін болады. Сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтарын жөндеу және ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Қаланың қалған аудандарында сыртқы жарықтандыру желілеріне қызмет көрсету бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.