Алматы полицейлері халыққа медициналық маскалар таратып жатыр

27.10.2020 19:45

Жүргізіліп жатқан бұл науқанның мақсаты – азаматтарға карантиннің әлі аяқталмағанын және сақтық шараларын сақтау керектігін ескерту

yakutia-daily.ru

Полиция қызметкерлері Алматы көшелерінде халыққа медициналық бетперделер таратуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шаһарда тәртіп сақшылары азаматтар арасында қоғамдық орындардағы санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын күшейтті. 

«Жүргізіліп жатқан бұл науқанның мақсаты – азаматтарға карантиннің әлі аяқталмағанын және сақтық шараларын сақтау керектігін ескерту. Өкінішке орай кейбір азаматтар қоғамдық орындарда болған кезде жеке қорғаныстың негізгі қағидаларын ұстанбайды. Әр адамның қауіптің әлі сейілмегенін түсінуі өте маңызды, ал қорғаныс құралдары оның салдарын азайтуға көмектеседі. Белгілі бір себептермен бетпердесіз жүрген азаматтарға біздің қызметкерлер бетперде ұсынады және осы атрибутты киіп жүру қажеттілігі туралы  ескертеді», – деді Алматы қаласының ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.