Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездеседі

21.06.2023 00:41

Кездесу уақыты: сағат 9:00

пресс-служба акимата Алматы

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды Almaty.tv.

21 маусымда сағат 9:00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуі Жамақаев көшесі, 145 мекенжайындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтеді.

Кездесуді онлайн режимде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасынан және Медеу әкімдігінің Facebook парақшасынан көруге болады.