Қала басшысы қажетті құжаттардың дайын екенін атап өтті
2024 жылы Алматының Түрксіб ауданында 6100 орындық төрт мектеп салынады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
2024 жылы Алматының Түрксіб ауданында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 6100 орындық 4 жаңа мектеп салу жұмыстары басталады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.
Қала басшысы қажетті құжаттардың дайын екенін атап өтті.
Мегаполисте әкімдіктің жобалық кеңесі аясында 2024-2025 жылдары 37,1 мың орындық 22 жайлы мектеп салу көзделіп отыр.
Ерболат Досаев өзінің сөзінде Түрксіб ауданында 600 орындық №198 мектепке қосалқы нысан салу, №83 гимназия филиалын реконструкциялау, №50 мектепті сейсмикалық күшейту, сондай-ақ, №59 мектеп жанындағы 300 орынды қосалқы нысанды реконструкциялау мен сейсмикалық күшейту 2024 жылғы наурызға жоспарланғанын айтты.
- Мектептердегі орын тапшылығын азайту үшін 2023 жылы "Қайрат" шағынауданында 1500 орындық №211 гимназия пайдалануға берілді. №195 мектеп жанынан 450 орындық қосалқы нысанның құрылысы басталды. Аяқталу мерзімі - 2025 жылдың қаңтар айына белгіленген, - деді Алматы әкімі.
Оқи отырыңыз: 2024 жылы Түрксіб ауданында 1050 орындық жаңа колледж ғимараты мен 120 орындық жатақхана салынады