|
02.12.2023 | 14:48
2173

Алматыда қалалық идеялардың дизайны бойынша хакатон ұйымдастырылды

Креативті индустрияның жаңа таланттарын ашу көзделеді

Алматыда қалалық идеялардың дизайны бойынша хакатон ұйымдастырылды Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

2 желтоқсанда "Almaty Creative" креативті индустрияларды дамыту орталығы DS Academy және AlmaU-мен бірлесіп жас дизайнерлер, бағдарламашылар және геймдевелоперлер арасында хакатон өткізілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Almaty creative креативті индустрияларды дамыту орталығы бас директоры орынбасарының міндетін атқарушы Бақыт Елубаеваның айтуынша, хакатонның мақсаты креативті индустрияның жаңа таланттарын ашу болып табылады.

- Хакатонда біз қалалық ортаны жақсартуға және байытуға, ойын әлемін құруға мүмкіндік беретін инновациялық, функционалды және көрнекі тартымды қалалық құрылымдар мен элементтерді дамытуға жағдай жасаймыз. Ол үшін дизайн саласындағы танымал әзірлеушілер мен сарапшыларды және геймдевті шақырдық, ― деді Бақыт Елубаева.

Өз шеберлік сабақтарын концепт-суретші, мейтпейнтер Данияр Кдыров, grimlore Games-те компьютерлік ойындардың сценаристі және әзірлеушісі Арсений Дериглазов, "өндіріске арналған Дизайн" бағыты бойынша сәулет магистрі, UCL, Бартлетт Сәулет мектебі Мария Ли, Xwargame геймплей аниматоры Сергей Лопатин, SAP жетекші әзірлеушісі Тимур Бакибаев сияқты шақырылған мамандар өткізді.

Оқи отырыңыз: Еліміздегі жылыжайларды субсидиялау қашан басталады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир