|
13.07.2023 | 14:49
2816

Алматы әкімінің Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуінде қандай мәселелер талқыланды

Қала әкімі тұрғындармен кездесуінде әлеуметтік нысандардың жайына да тоқталып өтті

Алматы әкімінің Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуінде қандай мәселелер талқыланды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматының Бостандық ауданында жаңа электр стансасы іске қосылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Алмагүл» электр желісі шілде айының соңында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл 200 мың тұрғынның сапалы жарықпен қамтылуына мүмкіндік бермек. Шаһар басшысы сондай-ақ «Ерменсай» шағынауданындағы электр желісі тамыз айында қала әкімідігінің баласына өтетінін айтты. Бұған дейін тұрғындар жекеменшік иелігіндегі электр стансасының «қызметі нашар әрі тариф бағасы қымбат» деп шағымданған болатын. Енді мәселе біржақты шешілмек. Ауданда тозған жылу желілерін ауыстыру да қарқынды жүріп жатыр. Жұмысты қыркүйек айында аяқтау жоспарланған.

– «АЖК» АҚ желісі бойынша осы жылдың шілде айында 77,5 км жоғары вольтты электр желілерін, 98 дана трансформаторлық станциялар мен тарату пункттерін ағымдағы және күрделі жөндеу, сондай-ақ 1,5 км кабель желілерін ауыстыру жұмыстары басталды. Аяқталу мерзімі осы жылдың соңы. Бұдан бөлек, әкімдік биылғы маусым айында ауданның қосылған аумақтарында 47,2 км электр желілерін реконструкциялау жұмыстарын бастады, 2024 жылдың сәуір айында аяқталады, – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Қала әкімі тұрғындармен кездесуінде әлеуметтік нысандардың жайына да тоқталып өтті. Ауданда биылғы оқу жылынан бастап сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №9 мектеп-интернат жұмысын бастайды. Ал №65  мектепте қосымша 300 орындық ғимараттың құрылысы жүріп жатыр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 3 мектеп салу жоспарланған. Одан бөлек, келер жылы ауданда әрқайсысы 500 орындық 2 емхананың құрылысы басталады. Қала басшысының айтуынша, бұл қаладағы медициналық мекемелердің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Жиында мегаполис көшелерінде құрылысы қарқынды жүріп жатқан жолдарға қатысты да мәлімет айтылды.

– Ауданның жол инфрақұрылымын жақсарту үшін 23 көшеге, оның ішінде ұзындығы 27,5 км 2 магистральды көшеге орташа жөндеу жүргізу көзделген. Биыл маусым айынан бастап 2 магистральды көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 1 қыркүйекке дейін аяқталады. Бұған дейін жөндеу жұмыстары Әл-Фараби даңғылында 2010 жылы, Абай даңғылында 2012 жылы жүргізілген, – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир