Алматыда бірыңғай бейнемониторинг жүйесі құрылды

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қалада 18,4 мың бейнекамера шығарылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда бірыңғай бейнемониторинг жүйесі толыққанды енгізілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Бүгінгі таңда 18,4 мың бейнекамера шығарылды. Жыл соңына дейін мемлекеттік мектептер мен балабақшаларда қауіпсіздіктің кешенді жүйесі аясында қосымша 21 мың бейнекамера шығару жоспарлануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін "Сергек" зияткерлік қауіпсіздік жүйесі 575 аппараттық-бағдарламалық кешенге кеңейтілді.

Маңызды нәтиже жол-көлік апаты санының 28%-ға және жол апатынан қаза тапқандар санының 48%-ға төмендеуі саналады. Бұл ретте айыппұл түрінде қала бюджетіне 8,8 млрд теңге түсті. 

Оқи отырыңыз: Алматыдағы су басатын аймақтар мәселесі шешілді

Новости партнеров