Тексеру нәтижесі бойынша қосымша тиісті рұқсат құжаттарынсыз тұрғызылғаны анықталды
Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы «Жұлдыз» 1,26г шағынауданындағы «Восток кафесінде» кеңейту шаруашылық тәсілмен тұрғызылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұған дейін Басқарма тұрғынның өтініші бойынша тұрғын үйге қосымша құрылыстың заңдылығына жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын. Тексеру нәтижелері бойынша қосымша тиісті рұқсат құжаттарынсыз тұрғызылғаны анықталды, бұдан басқа заңсыз нысан мемлекеттік қордың аумағында орналасқан.
Басқарма меншік иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 319, 323-баптары бойынша материалдарды Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жібере отырып, шаралар қабылдады.
Бүгінде заңсыз кеңейту соттың шешімімен бұзылып, жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын босатты.