|
28.09.2020 | 14:52
5433

Алматыда жылу маусымы қашан басталады

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес бірінші кезекте жылуға әлеуметтік нысандар қосылады

Алматыда жылу маусымы қашан басталады instagram.com/aset.mukazhanov/

Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жылу маусымын бүгінгі күннен, яғни 28 қыркүйектен бастау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы  қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мақажанов өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.  

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес бірінші кезекте жылуға әлеуметтік нысандар қосылады.

Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының мәліметі бойынша жылу желілері мен жылумен қамту жүйелері 100% дайын.

«Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес бірінші кезекте жылуға әлеуметтік нысандар қосылады. Балабақшаларға, мектептерге, денсаулық сақтау нысандарына бүгінгі күннен бастап жылу толық қуатында беріледі. Тұрғын үйлер осы апта ішінде жылу жүйелеріне қосылатын болады», – деп жазады Ә. Мақажанов.

Қалада барлығы білім берудің – 144, денсаулық сақтау саласының 133 нысаны және орталық жылу жүйесіне қосылған 8024 көппәтерлі үй бар.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Алматыда жылу маусымы 28 қыркүйектен басталады Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жылу маусымын бүгінгі күннен, яғни 28 қыркүйектен бастау туралы шешім қабылданды. Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының мәліметі бойынша жылу желілері мен жылумен қамту жүйелері 100% дайын. Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес бірінші кезекте жылуға әлеуметтік нысандар қосылады. Балабақшаларға, мектептерге, денсаулық сақтау нысандарына бүгінгі күннен бастап жылу толық қуатында беріледі. Тұрғын үйлер ағымдағы апта ішінде жылу жүйелеріне қосылатын болады. Қалада барлығы білім берудің – 444, денсаулық сақтау саласының 133 нысаны және орталық жылу жүйесіне қосылған 8024 көппәтерлі үй бар. Айта кетерлігі, қалада бұрындары жылу 15 қазаннан соң берілетін, яғни үш күн ішінде ауаның тәуліктік орташа температурасы 8 градустан төмен болғанда.

Публикация от Асет Мукажанов (@aset.mukazhanov)28 Сен 2020 в 1:43 PDT


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир