Жаңа жылдық тарту: Түрксіб ауданында тұратын бүлдіршіндерге сыйлық таратылды

29.12.2022 19:53

Түрксіб ауданындағы «Бақытты отбасы» орталығында 5 мыңнан аса отбасы тіркелген

Almaty.tv

Жаңа жыл қарсаңында Алматы қаласы мәслихатының депутаты бүлдіршіндерді қуантты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол Түрксіб ауданында тұратын 100 шақты балаға мерекелік көңіл-күй сыйлады. 

Халық қалаулысы биыл әлеуметтік осал топтан шыққан бас-аяғы 250-ден аса балаға тәттілер тарту етіпті. Айта кетейік, Түрксіб ауданындағы «Бақытты отбасы» орталығында 5 мыңнан аса отбасы тіркелген. Олардың басым бөлігі көмекке мұқтаж және көпбалалы отбасы.

«Мұндай игі іс бір жылмен шектелмейді. Біз тұрақты түрде соңғы 5 жылдан бері көмек қолын созып келеміз. Жаңа жылдық сыйлықтарды бүгін таратып бастадық. Балалардың қуанышын көру – керемет», – деді қалалық мәслихат депутаты Шухрад Шардинов.