Жаңа оқу жылы және қашықтықтан оқыту форматының қарсаңында қала әкімшілігімен қала тұрғындарын қолжетімді, сапалы интернетпен қамтамасыз ету бойынша күшейтілген жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласының Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев хабарлағандай, Алматыда интернет және мобильді байланыс өткізгіштігі төмен 169 орын анықталды.
«169 нүкте бойынша интернет жабындысын жақсарту үшін 5 қыркүйекке дейін осы бағытта тым болмаса бір операторды қосуге кепілдік берілді. Сонымен бірге, қала тұрғындарының сапалы және қолжетімді интернетті пайдалану мүмкіндігі болуы үшін сигналды күшейту жұмыстары жүргізілуде», – деп атап өтті Б. Қоңырбаев.
Сонымен бірге, Цифрландыру басқармасының басшысы атап өткендей, бұл бағытта қала тұрғындарының радиофобиясы белгілі проблемалар тудырады.
«Нүктелер бойынша мәселені жаба отырып, біз басқа проблемаға кезігеміз. Бұл радиофобия мәселелері. Жас Қанат, Шұғыла, Қарағайлы, 6-шы қала кешені бойынша қиындықтар болды, нүктені анықтап, антенна-мачталық станцияны орнатқаннан кейін тұрғындармен тіл таба алмадық, оларға бұған түбегейлі қарсы», – деді Б. Қоңырбаев. Ол осы бағытта ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
Қорытындылай келе ол базалық станцияларға қатысты радиофобия «соңына дейін негізделмегенін», және бір ұялы байланыс мұнарасы пропорционалды түрде тарату көлемі жұмыс істеп тұрған қысқа толқынды пештен аз екенін атап өтті.