Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

18.11.2022 19:56

Сатып алушыларға ұсынылатын өнімдер ассортиментінде 50-ден астам атаулар бар

ашық дереккөзден

19-20 қарашада Алматыда қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, онда қаланың азық-түлік кәсіпорындары, сондай-ақ Алматы облысының жақын маңдағы аудандарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өз өнімін ұсынады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сатып алушыларға ұсынылатын өнімдер ассортиментінде 50-ден астам атаулар бар (сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануарлар майлары және т.б.).

Өнімнің жалпы көлемі 100 тонна, оның ішінде:


  •  ет өнімдері - 20 тонна,
  •  жеміс-көкөніс өнімдері - 60 тонна,
  •  сүт өнімдері - 5 тонна,
  •  балық өнімдері - 1 тонна,
  •  басқа өнімдер - 14 тонна.


Жәрмеңке Шевченко көшесі бойымен  Қонаев көшесінен Пушкин көшесіне дейінгі ("Ғылым ордасы" ББО Археология мұражайына қарама-қарсы) аралықта сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін өтеді.