Алматы қаласында 7 ақпан күні сағат 02.00-де сілбі қар жауа бастады. Сағат 13.00-дегі жағдай бойынша қалада 8-10 см, тау етегі мен таулы аймақтарда 15-20 см қар жауды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қар жауа салысымен көктайғақтың алдын алу үшін жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себілді. 1812 тонна пайдаланылды.
Жұмыс технологиясына сәйкес жолдарда көктайғақты болдырмау үшін көктайғаққа қарсы материалды шашпай тұрып қарды күреуге тыйым салынады.
Шашылған көктайғаққа қарсы материал қармен араластырылады, борпылдақ қар массасын қалыптасқан соң қар тазалау жұмыстары басталды.
«Қар тазалайтын негізгі топтар таңғы қарбалас уақыттан кейін сағат 9.00-ден бастап жолға шықты. Қаланың жоғарғы бөлігінде қарды тазалау жұмыстары сағат 7.00-ден бастап жүргізілді. Тазартылған жерлерге көктайғақтың алдын алатын материалдар себілді», - делінген Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасының хабарламасында.
Бұдан басқа, қар жауғалы бері жаяу жүргіншілер жолы, жаяу жүргіншілерге арналған аумақтар, қоғамдық көлік аялдамалары, қоғамдық орындар тартылды.
Қардан тазарту жұмысына 611 бірлік арнайы техника, 205 құмлақтырғыш және 1665 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Аудандық әкімдіктер мен мердігер ұйымдарда қардан тазарту жұмыстарының өндірісін бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.