Мерекеде арнайы шатыр тігіліп, әр ұлттың ереше бұйымдары қойылған
Абай алаңында музыкалық фестиваль өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Тәуелсіз елдің тарихында 1996 жылдан бастау алатын Қазақстан халқының бірлігі күні – ұлт пен ұлыстың асыға күтетін мерекесі. Мерекеде арнайы шатыр тігіп, әр ұлтының ереше бұйымдары қойылған, Ұлттық киім мен тағам, қолөнер бұйымын көптің назарына ұсынған кешегі қала тұрғындары да осылай дейді.
«Қазақстанда туып-өстім, қазақтардың арасында өстім. Қазақ тілін үйреніп алдым. Қазақстан – менің туған жерім, Отаным. Бүкіл Қазақстан халқын Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын», – деді Күрдтер қауымдастығының төрағасы Мақсұт Тағиров.
Фестивальде қала тұрғындары мен қонақтарының назарына арнайы дайындалған концерттік қойылым ұсынылды. Ал мерекелік іс-шараға қатысқан қала әкімі Ерболат Досаев түрлі этнос өкілі тіккен шатырларды аралады.
«Бүгін біз өз үлесімізді қосу мақсатында өзіміздің шатырға ұлттық аспаптарымызды, киім-кешектерімізді және де әртүрлі заттарымызды алып келдік. Бүгін өз көрмемізді қойып жатырмыз», – деді Өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Шахмурат Молайханов.
«Бүгінгі мереке бәріміз үшін үлкен қуаныш. Аспанымыз ашық, заманымыз бейбіт болғаны бақыт қой! Ұзағынан болсын деп тілеймін», – деді Қырым татарлары бірлестігі басшысының орынбасары Васпие Альярова.
130-ға тарта этностың ыстық ұясына айналған Қазақстан үшін бейбітшілік – баға жетпес құндылық.
Мадина Оқас, Дидар Исаев, «Алматы» телеарнасы