|
14.02.2024 | 16:14
1683

Алматыда «Әр өлеңі – бір әлем» атты әдеби-сазды кеш өтті

Мәдени іс-шара Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналды

Алматыда «Әр өлеңі – бір әлем» атты әдеби-сазды кеш өтті Almaty.tv

Бүгін ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған «Әр өлеңі – бір әлем» атты әдеби-сазды кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сазды кеште мектеп оқушылары мен жоғары оқу орны студенттері ақынның өлеңдерін оқып, оның өлеңдеріне жазылған тамаша әндерді орындады.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, этномәдени орталықтың басшылары мен мүшелері, мектеп оқушылары, ЖОО студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.

Өткен әдеби кеш артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир