Елімізде алғаш рет Аналар күні мерекесі тойлануда, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аdyrna.kz-ке сілтема жасап.
Мамыр айының екінші жексенбісінде аналар күні тойланады. Бұл атаулы мереке әлемнің 20-дан астам елінде тойланады. Олардың қатарында АҚШ, Канада, Германия, Италия, Бельгия, Дания, Финляндия, Эстония, Түркия, Жапония, Бразилия және Аустралия бар.
- Шын мәнінде, әрбір адам үшін анадан ұлы, анадан қымбат ешкім жоқ. Ең қастерлі құндылықтарымыз «Жер-ана», «Отан-ана» ұғымдарымен тығыз байланысты. «Ата ұлды, ана ұлтты тәрбиелейді» дейді. Бұл сөздің айрықша мән-маңызы бар, – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Елімізде алдағы уақытта балалар мен жастарды тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарды жаңғырту мәселесін шешу үшін, Қазақстандағы әйелдерін біріктіретін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Аналар кеңесі» жұмыс істейтін болады.
Оқи отырыңыз: Жаным, аяғымды ұстамаңызшы: Қайрат Нұртас елді тағы шулатты