Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысты
Бүгін Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысты. Ол денсаулық сақтау, білім беру және жайлы орта құруға қатысты өзекті мәселелерді көтерді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ӨКҚ-ға сілтеме жасап.
Сайран Сайфеденовтың айтуынша, бүгінгі күні осы саладағы өзекті мәселе 18-емхананың шамадан тыс жүктелуі болып отыр.
«Қала әкімі Е. Досаев аудан тұрғындарымен өткен соңғы кездесуде атап өткендей, Мамыр, Таугүл, Қуаныш, Шабыт және Атамекен шағынаудандарының 30 мыңға жуық азаматына медициналық қызмет көрсетуге арналмаған 3 филиалдың үй-жайларында қызмет көрсету жалғасып жатыр», - хабарлады аудан әкімі.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қазір Мамыр-1 шағынауданында бір ауысымда 200 адам қабылдайтын отбасылық дәрігерлік амбулатория құрылысы жалғасып жатыр. Жұмыстарды келесі жылдың I тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, ауысымына 300 келушіге арналған №18 емхананың негізгі ғимаратын салу үшін ағымдағы жылдың соңына дейін жер телімін Қуаныш шағынауданынан сатып алу жоспарланып отыр. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді және құрылыс келесі жылы басталады.
С. Сайфеденов орта және мектепке дейінгі білім беру саласындағы жағдай туралы толық айтып берді. Әуезов ауданы әкімінің айтуынша, 48 мектеп жұмыс істейді, оның 33-і мемлекеттік мектеп. Барлығы 53 269 оқушы бар. Оқушы орындары тапшылығының жоғары деңгейі негізгі мәселе болып қалып отыр.
Оқушы орындары тапшылығының жоғары деңгейі негізгі мәселе болып қалып отыр. Ағымдағы жылдың басында 3 мектепке - №6, 121, 133 мектептеріне қосалқы ғимарат құрылысын пайдалануға беру 1 725 оқушы орнының тапшылығын төмендетуге мүмкіндік берді. Алайда, көпқабатты тұрғын үй кешендерінің құрылысы аясында тапшылықтың күтілетін деңгейі бүгінде 3 600 орынға дейін өсті.
Осы жылдың мамыр айында 4 шағынауданда 400 орынды «Достық» жеке мектебі ашылды. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектептерге қосымша 1 725 орынға 2 қосымша құрылыс пайдалануға беріледі (№117 900 орынды және №132 825 орынды).
Келесі жылы 5 білім беру нысанының құрылысын жобалау және бастау бойынша жұмыстар жоспарланған, оның ішінде: №104 мектепке 400 орынды қосымша құрылыс салу, салынып жатқан «City plus» және «Белкамит» тұрғын үй кешендері жанында 1 500 орынды 2 жаңа мектеп және 800 орынды 2 балабақша салу.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың мамыр айында 3 мектепте - №122, 141, БИЛ-де сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу басталды. Аяқталу мерзімі – 2023 жылдың III тоқсаны.
Жөндеу жұмыстары кезінде 122 мектептің оқушылары №86 және №111 мектептерде, 141 мектептің оқушылары №126 және №132 мектептерде, ал Білім-инновация лицейінің оқушылары №153 және №202 мектептерде орналасатынын болады.
Сайран Сайфеденов өткен жылдың қорытындысы бойынша 752 орынды 10 жекеменшік балабақша ашылып, 187 жұмыс орны ашылғанын хабарлады. Алайда, қазіргі уақытта аудан бойынша тапшылық 8 047 орынды құрайды.
Мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшылығын азайту мақсатында 280 орындық 2 мемлекеттік балабақша салу жоспарланып отыр.
«Бірінші балабақша бойынша 120 орынға Алтын бесік шағынауданында ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін мемлекеттік сараптамадан өтумен ЖСҚ әзірлеу аяқталады. ҚМЖ 2023 жылдың I тоқсанында құрылысты бастауды жоспарлап отырмыз», - деп хабарлады аудан әкімі.
Екінші балабақша бойынша 10-шағынауданда 160 орынға мамырда қараусыз қалған балабақша ғимараты сатып алынды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында бюджетті нақтылау кезінде жобалық-сметалық құжатаманы әзірлеуге қаражат бөлу жоспарда. Келесі жылы мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін қолданыстағы ғимаратты бұзып, құрылысты бастау жоспарланып отыр.