Алматының Әуезов ауданында жер үсті жүргіншілер өткелі көтергіштермен жабдықталды

14.10.2020 20:05

Жалпы Әуезов ауданында 5 жер үсті, 4 жер асты өткелі бар

Almaty.tv

Әуезов ауданында 3 жер үсті жүргіншілер өткелі қайтадан көтергіштермен жабдықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін жеке адамдардың бұзақылық әркеттерінің кесірінен істен шыққан Райымбек даңғылы-Фуркат көшесі, Сайын-Райымбек даңғылының қиылысында орналасқан жеделсатылар қайта жасалды.

«Енді, өкінішке қарай, бұл жаңағы көтергіш үйдің ішінде, ғимараттың ішінде қойылады. Сыртта  жаңбыр жауады, қар түседі. Сондайға ол бейімделмеген. Сондықтан бұл жерде қою тиісті емес, менің ойымша», – деді «Қалалық мүгедектер қоғамының» төрағасы Али Аманбаев.

Жалпы Әуезов ауданында 5 жер үсті, 4 жер асты өткелі бар. Барлық жүргіншілер өткелдерінде бейнебақылау камералары орнатылған. Ал, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеделсатыларды пайдалануы үшін кілттер таратылып беріледі.

«Әкімдіктің ішінде әлеуметтік сала бөлімінде кілт таратылды. Бұл кілттер кімге қажет болған жағдайда хабарландыру да жүргізілді, мүмкіндігі шектеулі жандарға таратылды. Әлі де  хабарландыру бар», – деді Әуезов ауданы көріктендіру бөлімінің басшысы Айдын Тұрсынов.