|
16.09.2022 | 15:07
764

Алматыда қала күніне орай жекпе-жек айтыс басталды

Айтыс "Алатау" дәстүрлі өнер театрында өтіп жатыр

Алматыда қала күніне орай жекпе-жек айтыс басталды

Алматыда қала күніне орай ұйымдастырылып жатқан жекпе-жек айтыс басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айтыс "Алатау" дәстүрлі өнер театрында өтіп жатыр. Айтыстың жүргізушісі - мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын Ринат Зайытов.

Айтыстың мақсаты: 

- 30 жылдан астам формасы өзгермейтін айтыс өнерін жаңа арнаға салып, бабалардан қалған жекпе-жек айтыс өнерін қайта жаңғыртып, айтыс өнері мен ақындар мәртебесін көтеру;

- Мыңжылдық тарихы бар Алматы қаласын ақындарға кеңінен уақыт беріп, терең әрі мазмұнды жырлату;

- Тәуелсіздіктен кейін қол жеткізген еліміздің жетістіктерін, бағындырған биіктерін, қарышты қадамын төл өнеріміз – айтыс арқылы жырлау, халықты өз отанын, елін, жерін, ұлттық құндылықтарды сүюге тәрбиелеу.

Қатысушылар:

- Қазірет Бердіхан – Алматы қаласы, республикалық, халықаралық айтыстардың жүлдегері, Асыл домбыра – 2021 иегері;

- Аспанбек Шұғатаев – Кереку өңірі,  республикалық, халықаралық айтыстардың жүлдегері, Алтын домбыра иегері, Барыс орденінің иегері;

- Айшолпан Тілеутай – Абай облысы, республикалық «Алаш сенген жастар» атты жыр мүшайрасының, халықаралық «Мәңгілік ел – менің елім» жыр мүшайрасының жеңімпазы, «Жұлдызды жекпе-жек» айтыс шоуының көрермен көзайымы;

- Мұрадым Мирланов – Орал қаласы, республикалық «Жалындаған Жайық-жыр» айтысының басжүлдесінің, республикалық айтыстардың жеңімпазы.

Қазылар алқасының құрамы:

1.   - Ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық Одағының Басқарма Төрағасы Жүрсін Ерман;

2.   - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет;

3.   -  Зейнолла Сәнік атындағы Мәдениет қорының атқарушы директоры Серік Қалиев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир