Алматының тау бөктерінде орналасқан элиталық тұрғын үй кешенінің бір қабаты сүріледі

28.07.2022 20:08

Рұқсат тек 2 қабатқа берілген

пресс-служба акима Алматы

Алматыда салынып жатқан Pinе Hill тұрғын үй кешенінің үшінші қабаты сот шешімімен бұзылады, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Ерменсай шағынауданы 7 уч. 8/1 салынып жатқан нысанды тексеру кезінде құрылыс салушы үшінші тұрғын үй қабатын заңсыз салып жатқаны анықталды.  Рұқсат тек 2 қабатқа берілген.

Өткен жылдың қараша айында басқарма сотқа үйді бұзу туралы шағым түсіріп, ол қанағаттандырылмады. Апелляциялық өтініш оң нәтиже берді. Үшінші қабатты бұзу туралы сот шешімі заңды күшіне еніп, Әділет департаментімен орындалуда.