Алатау ауданында 60 көшедегі жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

13.11.2023 20:09

Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков мәлімдеді

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласының Алатау ауданында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында 60 көшедегі жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоспарланған 23 мың шаршы метрден 15 мың шаршы метр жол жабыны жөнделді. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Естеріңізге сала кетейік, 1 сәуірден бастап Алматыдағы аудан әкімдіктері өздеріне сеніп тапсырылған аумақтардағы көптеген іс-шараларды дербес қаржыландырады. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүргізіледі.

Бүгінде ауданда 7 шағынаудандағы жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде және ұзындығы 61 км болатын Ф.Оңғарсынова мен Н. Данченко атындағы екі үлкен көшеде жаңа жолдардың құрылысы жүргізілуде.

Сондай-ақ әкім орташа жөндеу жұмыстары аяқталған шағын аудандарды атап өтті, олар: Томирис, Қарасу, Алғабас, Теректі, Ақбұлақ және Зерделі. Сайын көшесін Рысқұлов даңғылынан Мөңке биге дейін ұзарту жүргізілуде, ұзындығы 3,2 км. Одан бөлек, Сайын мен Мөңке би көшелерінің қиылысында толық беде түрінде жолайрық салу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, бес жерасты жаяу жүргіншілер өткелінде тас төсеуіштер мен тактильді плиталар ішінара ауыстырылды, төбелерге софиттер, вандализмге қарсы жарықтандыру құрылғылары, музыкалық жабдықтар және бейнебақылау жүйесі (Райымбек даңғылы, Момышұлы көшесінің  қиылысы - 3 жерасты өткелі; Момышұлы көшесі Райымбек даңғылынан жоғары - 1 өткел; Райымбек даңғылы Ақкент шағынауданынан бұрылыс – 1 өткел) орнатылды.

«18 жаяу жүргіншілер өткеліне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, онда сыртқы жарықтандыру шамдарын ауыстыру, көтергіш механизмдер мен электр жетегі бар лифттерді күрделі жөндеу, бейнебақылау орнату, арбамен және велосипедпен түсетін орындарды орнату, іргелес аумақты көгалдандыру және абаттандыру қарастырылған», - деген аудан басшысы күрделі жөндеу жұмыстары биылғы жыл соңына дейін аяқталатынын айтты.

Аудан басшысы өз сөзінде тротуарлардың құрылысына ерекше назар аударылғанын атап өтті. Бүгінгі таңда жалпы ауданы 27 050 ш. м  болатын 8 шағынауданда техникалық тротуар салу жұмыстары жүргізілуде.

«Тротуарлардың құрылысы тұрғындар «козья тропа» деп аталатын жасыл аймақтарда жүзеге асырылады, бұл шаңның көтерілуіне әкеледі, жер эрозиясы пайда болады және суару жүйесі жабдықталған жерлерде жабдықтар зақымдалады», - деп түсіндірді А.Қалдыбеков.

Аудан басшысы инженерлік инфрақұрылымды дамыту және қалпына келтіру мәселелеріне де тоқталды. Мәселен, жалпы ұзындығы 306,9 км болатын сегіз шағын ауданда құрылыс-монтаждау жұмыстары жоспарлануда. Биыл барлығы Алғабас 3-кезек, Шапағат, Болашақ, Рахат-Мәдениет және Өжет сияқты бес шағынауданда құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.