Алматының Түрксіб ауданындағы бірқатар ғимараттарда уақытша ыстық су болмайды

10.06.2022 20:09

Шектеулер «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі

elements.envato.com

Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы бірқатар ғимаратта ыстық су уақытша өшіріледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

"13-17 маусым аралығында Түрксіб ауданының аумағындағы Сүйінбай-Беляков, Қазақпаев, Қожедуб көшесінің контурында, сондай-ақ Клара Цеткина – Қостанай – Спасская– Нұрсая көшесінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нің баспасөз қызметінде.

Шектеулер «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі.