Алматының үш ауданында ыстық су уақытша өшіріледі

29.05.2023 20:10

Шектеулер «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі

ашық дереккөзден

Алматы қаласының үш ауданында ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан уақытша өшіріледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы жылу жүйесі» ЖШС сілтеме жасап.

Алматы қаласының Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарының аумағында орналасқан бірқатар тұрғын және өзге де ғимараттарды ыстық сумен жабдықтау «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шектеледі.

Шектеулер төменде аталған көшелер мен тұрғын үйлердің алабтарында шектеледі:

5 маусымнан 9 маусымға дейін:

Свердлов-Таштитов-Хабарвоская-Орджоникидзе көшелері;

5 маусымнан 16 маусымға дейін:

Лавренев-Дөнентаев-Жұлдыз-2 шағынауданы (ішінара);

12 маусымнан 16 маусымға дейін:

Сүйінбай-Беляков-Казакпаев-Кожедуб көшелері;

Кассин-Буденный-Бехтерев-Жұмабаев көшелері;

Клара Цеткина-Қостанай-Спасская-Нұрсая шағынауданы;

12 маусымнан 23 маусымға дейін:

Рихарда Зорге - Чехов-Молдағалиева - Ақан Сері көшелері;

19 маусымнан 23 маусымға дейін:

Элеваторлық-Щелково-Сүйінбай даңғылы;

Таласская – Кассин-Дулатов-Монтин көшелері;

26 маусымнан 30 маусымға дейін:

Шахтинск-Демченко - Атбасар-Аяз би көшелері;

Рысқұлов-Буровая-Құлжа трактісі-Атырау-1 шағынауданы;

Шекспир-Эйхе-Жайсан-Терешкова көшелері.