Такир Балықбаев: Алматы қаласының даму жоспары біздің болашақ өміріміздің бет-бейнесі

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Қала тұрғындары бағдарламамен танысып, өз ұсынысын «Алматыны дамыту орталығының» сайтында 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін қалдыра алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімдігі «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасын әзірледі, онда мегаполисті 2025 жылға дейін дамытудың негізгі басымдықтары мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар көрсетілген. Қала тұрғындары бағдарламамен танысып, өз ұсынысын «Алматыны дамыту орталығының» сайтында 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін қалдыра алады. Бұл туралы ғалым, педагогика ғылымдарының докторы Такир Балықбаев пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Әсем қаламыз Алматының жағдайы мен болашағы еліміздің барлық азаматын толғандыратыны сөзсіз. Еліміздің ғылымы мен білімінің, мәдениетінің астанасы саналатын 2 миллионнан астам халқы бар Алматының экономикамыздағы үлесі де ерекше: еліміздің жалпы ішкі өнімнің бестен бірі, ал бюджетке түсетін қаржының 25 пайыздан астамын Алматы береді. Сол себепті Алматының дамуы еліміздің экономикасын алға тартатыны да сөзсіз. Алматы қаласының әкімдігі дайындаған жоба қаланың дамуының барлық жағын қамтитын жеті бағыттың ішінде мен үшін ерекше маңызы бар «Орнықты экономикалық өсім», «Әлеуметтік орнықтылық пен тұрақтылық», «Жасыл Алматы» және «Алматы – смарт ситилердегі» мақсаттар мен көрсеткіштер көңілге толарлық. «Әлеуметтік орнықтылық пен тұрақтылықта» қаладағы білім беру, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет, жастардың дамуына жаңа серпіліс беретін шаралар анықталған. Мысалы, орта білімде тек қана орын тапшылығын шешіп қана қоймай, сапалы білім беру жолдарына, инновациялық оқу бағдарламалары мен мектеп менеджментін дамытуға арналған шаралар жақсы нәтиже беруге тиіс, ал «мектеп автобусы бағдарламасы транспорт, қауіпсіздік және басқа мәселелерді шешудің айтулы жолы болады. Кәсіптік – техникалық білімде әріптестік бағдарламалар, мамандандырылыған орталықтар құру, WorldSkills стандарттарын енгізу және осы жүйеге NEET жастарды қамту осы саланы заманауи талапқа сай дамытса, жастарды дамуға арналған жобалар «Жастар қаласы – Алматының» негізгі тұрғындары-жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, өсіп-өркендеуіне мүмкіндік береді. Жалпы, Алматы қаласының дамуының жоспары біздің болашақ өміріміздің бет-бейнесі десек, оған жақсы үмітпен қарауға болады», – деді Такир Балықбаев.


Айта кетейік, Алматы әкімдігі «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасын әзірледі. Жоба жеті бөлімнен тұрады, олар: «Жайлы қалалық орта», «Тұрақты экономикалық өсу», «Басқарылатын урбанизация», «Әлеуметтік орнықтылық пен тұрақтылық», «Жасыл Алматы», «Смарт сити», «Қауіпсіз қала».

Алматыны кеңістіктік дамытудың негізгі міндеті – жайлы қалалық орта құру және қаланың барлық аудандарында өмір сүру сапасын арттыру. Ол үшін үш басым бастама айқындалды: Алматыны көпорталықты дамыту, қоғамдық көліктің дамыған жүйесі және аудандардың байланыстылығы, жаңа тарифтік саясатты енгізу және шығындарды азайту арқылы ТКШ қызметтерінің сапасын жақсарту.


Новости партнеров