Медеу ауданында 30 мыңнан астам ШОБ өкілдері жұмыс істейді

17.06.2022 в 20:12

Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтты

Медеу ауданында 30 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Рахат, Полиграфкомбинат және Дәуір сияқты кәсіпорындар ауданның негізгі өнеркәсіптік әлеуетін құрайды. Сондай-ақ ауданда 30 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді (Алматыда 4-ші орын)», – деді әкім.

Оның айтуынша, жыл басынан бері әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады. Бұған салық түсімдерінің 65%-ға артуы дәлел.