Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездеседі

23.02.2023 22:08

Кездесу уақыты сағат 09:00

пресс-служба акима Алматы

Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды Almaty.tv.

24 ақпанда сағат 09:00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесуі Айнабұлақ шағынауданы, 65/1 мекенжайындағы «Айнабұлақ» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтеді.

Кездесуді онлайн режимде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасынан және Медеу әкімдігінің Facebook парақшасынан көруге болады.

Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында кездесу барысында маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады. Сондай-ақ, бөлмелерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.