Алматының салық төлеушілеріне биылғы өзгеріс жайлы айтылды

16.02.2023 20:15

Бұл туралы Бақытгүл Сейітова айтып берді

Almaty.tv.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Бақытгүл Сейітова Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингке қатысты, онда ол өздерінің ведомствосы  «Салық төлеуші көп білген сайын, жіберетін қателіктері аз болады!» деген ұранды ұстанатынын атап өтті. Ол 2023 жылдың басында күшіне енген өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салық кодексіне шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдану кезінде рұқсат етілмеген қызмет түрлерінің тізбесін толықтыру бөлігінде түзетулер енгізілді.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын бизнес субъектілері үшін АСР (арнайы салық режимі) қолдану кезінде рұқсат етілмеген қызмет түрлерін толықтыру бөлігінде Салық кодексінің нормасы күшіне енді.

Бұл тізбені толықтыру, ең алдымен, бизнесті бөлшектеу жолымен салықтық оңтайландыру схемаларының алдын алу (оның ішінде қосалқы жалдау тетігін пайдалана отырып), оның ішінде жеңілдетілген декларация негізінде арнаулы салық режимдерін қолдану мақсаттарымен байланысты.

Шағын бизнес субъектілері үшін АСР қолдану бойынша шектеу мынандай қызмет түрлеріне қолданылады:

- маркетингтік қызметтерді;

- сауда объектілерін жалға беру және пайдалану жөніндегі,

- сауда базарларына жататын сауда объектілерін, сауда алаңы бес жүз шаршы метрден асатын стационарлық сауда объектілерін, сондай-ақ олардың аумағындағы сауда орындарын, сауда объектілерін және қоғамдық тамақтану объектілерін қосалқы жалға беру;

- екі және одан да көп салық төлеушілердің қонақ күту қызметтер көрсетілетін бір қонақ үйдің немесе жеке тұрған тұрғын емес ғимараттың аумағында қонақ үй қызметтерін ұсыну саласындағы қызметке қолданылатын болады.

Сауда алаңы бес жүз шаршы метрден кем стационарлық сауда объектілеріне жататын, сауда объектілерін қосалқы жалға беретін салық төлеушілер, оны қолданудың қалған шарттарына сәйкес келген кезде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолдануға құқылы.

Тиісінше, шектеулер енгізілген жоғарыда аталған қызмет түрлерін жүзеге асыратын кәсіпкерлер 2023 жылы 1 қантардан бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне көшуге тиіс.

Шағын бизнес субъектілері үшін АСР қолдануға тыйым салынған қызмет түрлері

Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес сауда базарларына, 1, 2 және 3-санаттағы стационарлық сауда объектілеріне жататын сауда объектілерін, сондай-ақ олардың аумағындағы сауда орындарын, сауда объектілерін және қоғамдық тамақтану объектілерін, сондай-ақ осындай қызметтер көрсетілетін бір қонақ үйдің немесе жеке тұрған тұрғын емес ғимараттың аумағында қонақ үй қызметтерін ұсыну саласындағы екі және одан да көп салық төлеушілердің қосалқы жалға беру жөніндегі қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілер, шағын бизнес субъектілер үшін АСР қолдануға құқығы жоқ екені көзделетін 683-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының он төртінші абзацына өзгерту енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

мобильді қосымшаны пайдалана отырып және тіркелген шегерімді пайдалана отырып патент негізінде үш түрлі АСР есептелгендіктен, редакцияны нақтылау бойынша Салық кодексінің 684-бабы 1-тармағының бірінші бөлігіне өзгерту енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, арнайы салық режимін қолданудың басталу күні

арнайы мобильдік қосымшаны пайдалана отырып, АСР қолдану басталған күн, қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама берілген күн болып есептелетінін нақтылауды көздейтін Салық кодексінің 679-бабының 8-тармағы 2-1) тармақшамен толықтырылды.

Чек беру жөніндегі функционалды пайдалану бойынша

оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатын жеке кәсіпкер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде мобильді қосымшаның функционалдығын пайдалануға, атап айтқанда чек беру жөніндегі функционалды пайдалануға құқылы, нақтылауды көздейтін Салық кодексінің 686-1-бабының 2-тармағына, 3-тармағының 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларына, 4-тармағының бірінші бөлігіне және 8-тармағына өзгерістер енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

«Цифрлық технологияларды енгізу біз үшін басымдық болып табылады. Барлық қызмет салаларында процестерді автоматтандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке және заңды тұлғаларға Мемлекеттік кірістер комитетімен бекітілген 43 мемлекеттік қызметтің 20 түрін көрсетеді. Мәселен, 2022 жылы 3169 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 99,5 пайызы электронды түрде болса, ағымдағы жылдың қаңтар айында электрондық қызметтердің үлесі 99,7 пайызға дейін өсті. Бұл ретте азаматтардың заманауи сұраныстарын ескере отырып, смартфондар арқылы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде», - деді Б.Сейітова.

Дәл осы мәселенің шешімін "Е–Salyq Azamat" және "E-Salyq Business" мобильді қосымшаларын пайдалану арқылы табуға болады. Жеке кәсіпкерлерге "E-Salyq Business" қызметін пайдалануға мүмкіндік берілді.

Бұл қосымшалар көптеген функцияларды қамтиды, және мол артықшылықтары бар. Сонымен қатар, жеке тұлғаларға да және жеке кәсіпкерлерге де өз салық міндеттемелерін орындауын жеңілдетуге арналған. Е-Salyq Azamat онлайн режимде мүлік, жер, көлік салықтары бойынша берешекті (артық төлемді) және алдағы төлемдерді көрсетеді және төлем жүргізуді ұсынады.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар салық төлеушілерден түсетін шағымдарды азайтуға және жұмыс процестерін автоматтандыруға бағытталған.

Сондай-ақ, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарына нұқсан келтіру мен заңды қызметке кедергі келтіруге жол бермеу мақсатында көптеген шаралар қабылдануда.