Бүгін Қала күні қарсаңында Алматының мәдени ошақтарын өскелең ұрпаққа кеңінен таныстыру мақсатында студенттер арасында экскурсия ұйымдастырылды. Алматы қаласы әкімдігі мұрындық болған шара мың бояулы Алматы шаһарының ең тарихи нысандарын аралаудан басталды. Айтулы шараның өзге де ерекшеліктерін айтып беру үшін Almaty.tv тілшісі Әлібек Шынтемір дәл қазір бізбен тікелей қосылымға шығады.
- Иә, Қайрат қайырлы күн! Қалыптасқан қазіргі жағдайға қарап қала күні мерекесі басталып кеткен бе дерсің. Тіпті бүгіннің өзінде қаламызға оқуға келген студенттерге мәдени өлкені таныстыру басталып кетті. Алып Алматыға арман қуып келген студенттер алдымен 1996 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 5 жыл толуына орай салынған Тәуелсіздік монументімен жақын танысудан бастады.
Артынша Алматы әкімдігі ұйымдастырған экскурсия 35 мыңнан астам жәдіргерге толы Алматы тарихы мұражайын аралаумен жалғасты. Бұл тұста келушілердің алған әсері де түйгені де жоқ емес.
- Расында бүгін студенттер Әсем Алматының айтулы орындарына барып айшықты ақпарат алды.
Айта кеткен жөн, Алматының мәдени орындарын таныстыру шарасы алдағы үш күн бойы жалғасады.
Қапы қалмаңыздар! Қайрат әзірге мендегі ақпар осы.