|
20.09.2021 | 15:17
2680

Қала күні аясында Алматыда кітап көрмесі өтті

Кітапсүйер қауымға әсем қаламыздың тарихы дәріптеліп, таныстырылды

Қала күні аясында Алматыда кітап көрмесі өтті

«Тарихы терең Алматым». Осындай атаумен Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Онда «Алматы тарихы», Кеңес Аухадиевтың «Алматы бір күнде орнаған жоқ», Зәуре Төреханованың «Біздің сүйікті қаламыз Алматы» сынды туындылары қойылды. Кітапсүйер қауымға әсем қаламыздың тарихы дәріптеліп, таныстырылды.

Жалпы, Қала күні мерекесі аясында Алматының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі тағы біршама іс-шара өткізді. Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы жазушы Дулат Исабековпен «Алматы жастығымның куәсі» тақырыбында онлайн сұхбат өткізді.

Ал Қазақстан жазушылар кітапханасында жазушы-драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың «Ауыл мен Алматы» атты кітабының онлайн таныстырылымы өтті. Қаламгер оқырмандарды Алматы қаласы күнімен құттықтап, өз өлең-шумақтарын арнады.

«Ауыл мен Алматы»

Қос қанатым - ауылым мен Алматым,

Туып-өскен ыстық ұям, жәннәтім.

Гүлің мені тал бесікте әлдилеп,

Гүліңменен биіктерге самғаттың.

Бара алмадым, кеттім арман жолында,

Өмір солай не бар менің қолымда.

Тұрды алдымда әсем қала - Алматы,

Туған ауыл қала берді соңында», – деп жазушы, драматург Сұлтанәлі Балғабаев жырдан шашу шашты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир