Іс-шараға кәсіби спортшылар мен әуесқойлар қатысады
Алматы қаласының велосипед қауымдастығы Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай веложарыс өткізеді. Іс-шараға кәсіби спортшылар мен әуесқойлар қатысады, деп хабарлайдыц Almaty.tv.
Кортеж бағыты "Нұрлы Тау" БО-нан басталып, 28 панфиловшылар атындағы саябақта аяқталады. Веложарыстан соң Даңқ ескерткіші мен Мәңгілік алауға гүлшоғын қою жоспарлануда.
Жолдар жабылмайды. Басталу уақыты мен орны: 8 мамыр сағат 10:00, "Нұрлы Тау" БО.