Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі қызметінен босатылды

31.01.2022 20:19

Ол бұл лауазымға 2019 жылы тағайындалған болатын

sputniknews.kz

ҚР Президенті Бақытжан Сағынтаевты Алматы қаласының әкімі қызметінен босатты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды», - делінген Жарлықта.

Айта кетсек, Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі лауазымына 2019 жылы тағайындалған болатын.