|
18.06.2021 | 15:19
1748

Медеу ауданындағы көпбалалы аналар балабақшаға тегін жолдама алды

Алматы қаласы Медеу ауданындағы тұрғындардың әлеуметтік мәселесі бойынша арнайы комиссия атқарған жұмыстың есебін берді

Медеу ауданындағы көпбалалы аналар балабақшаға тегін жолдама алды inbusiness.kz

Алматы қаласы Медеу ауданындағы тұрғындардың әлеуметтік мәселесі бойынша арнайы комиссия атқарған жұмыстың есебін берді. Өтініш қалдырған көпбалалы аналарға әкімдік атынан балабақшаға бір жылдық тегін жолдамалар үлестіріліп, өзге де арыз-шағымдарды жиында қарады, деп хабарлайды Almaty.tv 

«Балаларымды балабақшаға тегін орналыстырса, басымыздағы несиені кішкене болса да оңтайлы қылып азайтып төлеуге мүмкіндік жасаса деп өтініш қалдырып едім. Міне, бүгін сол мәселем шешіліп, балаларымды тегін балабақшаға орналастырды»,− деді көпбалалы ана, Медеу ауданының тұрғыны Жалғас Саматова.

«Айта кететін жайт, осы комиссияның екі отырысы өтті. Бүгінгі таңда екі отырысқа 12 өтініш келіп түсті. Сол 12 өтініш толығымен өз шешімін тауып, тұрғындардың өтініштері қанағаттандырылды», − деді Медеу аудандық әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Сәкен Аралбаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир