Мемлекет басшысы Үстел теннисі орталығына барды
Акорда
Қасым-Жомарт Тоқаев жас спортшыларға сәттілік тілеп, теннис ракеткасына қолтаңба жазып берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Халықаралық үстел теннисі федерациясының барлық талабына сай келетін жаңа Үстел теннисі орталығын аралап көрді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президентке спорт кешенінің инфрақұрылымы таныстырылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы жас спортшы қызбен теннис ойнады.
Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жас спортшыларға сәттілік тілеп, теннис ракеткасына қолтаңба жазып берді.
Заманауи орталықта жарыс өткізетін 12 және жаттығу жасайтын 24 үстел бар.
Зал үстел теннисіне қажетті алты автоматты тренажермен, кәсіби бейне және аудио құрылғылармен, көрермендерге арналған 328 орындықты трибунамен жабдықталған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
17.09.2026 09:04
17 қыркүйекке арналған валюта бағамы
17.09.2026 09:17
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
17.09.2026 16:54
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
17.09.2026 13:40