Іс-шара соңында қатысушылар комитеттің құрамы мен алдағы іс-шаралар жоспарын талқылады
Antikor ortalyǵy алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кездесу барысында Қоғамдық кеңес мүшелері мен қоғам қайраткерлеріне ведомствоның қазіргі жұмысы және ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының іске асырылуы туралы хабардар етілді.
Отырыста Қоғамдық кеңестің жанынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын жеке комитет құру туралы шешім қабылданды.
Кездесу қатысушыларын қарсы ала отырып, департамент басшысы Асхат Оразхан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен азаматтық сектордың сындарлы өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.
"Біздің бірлескен ынтымақтастығымыз сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың санын азайтуға көмектеседі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда оң нәтиже береді деп үміттенеміз. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын заңсыз іс - әрекеттерін анықтау мақсатында нақты жұмыс құрып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізуде, мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізуде, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен өткізуде бірлескен күш салу қажет", - деп атап өтті.
"Қоғамдық кеңестің қоғамдық бақылау саласындағы міндеттерінің бірі халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесіне тарту болып табылады. Қоғамдық кеңес жанындағы осы комитеттің құрамына белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдардың кіруі өте маңызды, қойылған мақсаттар үшін барлық сараптамалық әлеуетті тарту қажет", - деп Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің Төрағасы Алтынай Көбеева атап өтті.
Іс-шара соңында қатысушылар комитеттің құрамы мен алдағы іс-шаралар жоспарын талқылады.