Биыл байқауға 15 елден келген өнерпаз қатысты
Мерекеге орай Абай алаңында халықаралық байқау өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Алматым жүрегімде» атты фестивальдің екінші күнінде отандық және шетелдік өнерпаздар қазақтың дәстүрлі және заманауи әндерін шырқады. Сахнада өнер көрсеткен жұлдыздарды мәдениет саласының майталмандары бағалап, үздік орындаушыларды анықтады.
– Жоба Алматы қаласының мәдени туризімін дамытып қана қоймайды. Бұл - әлемдік деңгейге жаңа таланттар шығаратын жоба. Халықаралық деңгейдегі қазылар алқасы келіп отыр. Олар да өз бағасын береді. «Алматым жүрегімде» халықаралық фестивалін қала күніне орай ұйымдастырып отыр, – деді Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев
Былтыр алғаш рет өткен халықаралық жарысты жылда ұйымдастыру жоспарланып отыр. Биыл байқауға 15 елден келген өнерпаз қатысты.
Оқи отырыңыз: Қала күнін тойлау жалғасып жатыр