Жетісу көлік прокуратурасы арнайы тексеріс барысындағы ережелерді жеткізді
«Шағын және орта бизнестің дамуына жан-жақты жағдай жасалуы керек». Осылай деген Жетісу көлік прокуратурасы кәсіпкерлермен кездесіп, заң аясындағы өзгерістер мен толықтыруларды таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Одан бөлек, құзырлы орган өкілдері кәсіпкерлерге арнайы тексеріс барысындағы ережелерді жеткізді.
«Мемлекеттік кірістер департаменті салық салу бойынша өзгерістерді түсіндіріп, жиналыс өткізді»,- дейді Жетісу көлік прокуратурасының аға прокуроры Олжас Байсалбеков.
Теміржол вокзалында өткен жиында кәсіпкерлер өздеріне қатысты өзгертулердің оң нәтиже беріп жатқанын айтты. «Карантиндік шектеу кезеңіндегі жалға алу ақысының арзандауы, сервистік жүйенің жаңаруы - жұмысымызға да жақсы әсер етіп жатыр» дейді жиналғандар.
«Қазір бәрі әлдеқайда қалыпқа келді. Бүгін санитарлық қадағалау және салық туралы ақпарат алдық. Әрине, кәсіпкер ретінде мұндай ақпарат біз үшін маңызды»,- дейді жеке кәсіпкер Жанна Кашина.