Алматының Жетісу ауданында тағы бір жаңа гүлзар пайдалануға берілді

26.08.2020 в 20:24

Саябақта орындықтар, қоқыс жәшіктері, балалар спорт кешені, work out алаңы орнатылып, аумақ көгалдандырылды

Алматының Жетісу ауданында тағы бір жаңа гүлзар пайдалануға берілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

2019 жылы аудан әкімінің халыққа есеп беруі кезінде Боткин көшесінің тұрғындары сыртқы жарықтандыруды, саябақты және жолдарды жөндеп беруді сұраған болатын. Осылайша, желтоқсан айында LED шамдар орнатылып, тамыз айында гүлзардың жөндеу жұмыстары аяқталды. Саябақта орындықтар, қоқыс жәшіктері, балалар спорт кешені, work out алаңы орнатылып, аумақ көгалдандырылды. Сонымен қатар,  Райымбек көшесінен Казаков көшесіне дейін ұзындығы жарты шақырым болатын көше орташа жөндеуден өтті.