Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сумен жабдықтау, көшелерді жөндеу және абаттандыру бойынша ауданда жоспарланған және жүзеге асырылған жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әсет Масабаев 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі 54,1 млрд. теңге, ал инвестиция көлемі 64,6 млрд. теңгені құрағанын атап өтті. Қалалық көлемде ауданның инвестициясын игеру үлесі – 14% құрайды.
Әсет Масабаев «Жаңа Алматы» шет аймақтарын дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру туралы хабарлады. Әкімнің мәліметінше, Медеу ауданының шетінде сумен жабдықтау және су бұрудың инженерлік желілері жүргізіледі. Мысалы, Думан шағын ауданында жалпы ұзындығы 44,5 км сумен жабдықтау және су бұру инженерлік желілерін төсеу бойынша жұмыстарды аяқтады, қазірдің өзінде 714 үйді сумен жабдықтау бойынша шарт жасалды.
«Көлсай шағын ауданында жұмыстар аяқталды. Онда 230 үй сумен қамтамасыз етілді. Инженерлік желілер «Мұзтау» және «Каменское плато» шағын аудандарында жүргізілді. Әр ауданға 15-тен 17 километрге дейін сумен жабдықтау желілері жүргізіледі», – деді А. Масабаев.
Аудан әкімі Медеу ауданының жағалауы мен басқа да аумақтарының күрделі жөндеу жұмыстарына тоқталды. Оның айтуынша, бұл аумақтарды абаттандырудың басты міндеті – Алматы жағалауларын жайлы әрі қауіпсіз жерге айналдыру.
«Республика сарайынан Гоголь көшесіне дейінгі аралықта Кіші Алматы өзенінің жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру жұмыстары аяқталды. Жамақаев көшесінен су бөлгішке дейін Есентай өзенінің жағалауын қайта жаңарту басталды. Жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Тиксай өзенінің арнасын қайта жаңарту жүргізілуде. Жұмыстарды аяқтау 2022 жылға жоспарланған», – деді Медеу ауданының әкімі.
Сонымен қатар, Жасыл экономика басқармасы оқушылар сарайы мен мемлекеттік мұражайдың іргелес аумағын абаттандыруды жоспарлап отыр. Жобалық-сметалық құжаттама дайындалды.
Әсет Масабаев жан-жақты айтып өткен тағы бір маңызды бағыт – Медеу ауданының жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту.
Онлайн-брифинг барысында айтылған мәліметтер бойынша, ұзындығы 25 шақырымнан асатын ауданның 27 көшесінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Алматы қаласының қалалық Мобильділік басқармасы 2021 жылға 49 көшені жөндеуді жоспарлады, қазір 6 көшенің жол төсемі жөнделуде.
«Думан шағын ауданындағы ұзындығы 27 шақырымнан асатын 53 көшенің жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 33 көшеде жұмыстар аяқталды. Қызметте 20 көше бар. Сондай-ақ Достық даңғылынан Омарова көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағына биыл жөндеу жұмыстары басталды», – деді аудан әкімі.
Сөз соңында Әсет Масабаев аудандағы көше жарығын қалпына келтіру туралы айтты. Сондай-ақ, «Алматы Қала Жарық» ұйымы жүргізуде. Қазіргі уақытта 17 918 жарық нысандарына қызмет көрсету жұмыстары жүргізілуде, желінің ұзындығы 457 шақырымнан асады.
Айта кетсек, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша «Шетсіз қала» қағидаты аясында Медеу ауданында 273 көше сыртқы жарықтандыру желілерінің құрылысына қосылған. 10 614 шам орнату жоспарланды. Бүгінде Медеу ауданының 205 көшесі жарықтандырылды.