Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданы Ақтолқын көшесіндегі өртенген үйдің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қала билігі жергілікті бюджет қаражаты есебінен олар үшін жаңа баспана сатып алған.
Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы аккаунтында өртенген үйде тұратын отбасыларға барғаны туралы айтты. Қала әкімі тұрғындармен бірге әрлеу жұмыстары жүріп жатқан жаңа үйді қарап шықты.
«Бүгін өрттен зардап шеккен 14 отбасының мәселесіне нүкте қойылды. Жетісу ауданы Ақтолқын көшесіндегі үй қалпына келтірілмейді. Тұрғындармен бірге салынып жатқан үйден жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынатын жаңа пәтерлерді қарадық. Көшуге біраз уақыт қалды. Болашақ қоныс иелеріне бақыт тілейміз!» – деп жазды Бақытжан Сағынтаев.