Биыл Алматының Әуезов ауданында 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады

12.05.2022 20:26

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты

ашық дереккөз

Биыл Әуезов ауданынында 5 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, 2022 жылдың төрт айында ауданға келген инвестиция көлемі өсіп, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 47,9% өскен. Нәтижесінде салық көлемі 53% көтерілген.

«Ауданда шағын және орта бизнес жақсы дамып келеді. Бұл ауданда 37 мыңнан астам бизнес субъекті жұмыс істейді. Қала бойынша жұмыс істейтін шағын және орта бизнес кәсіп орындардың әрбір алтыншы осы Әуезов ауданында тіркелген», – деді Ерболат Досаев.