Рұқсат құжаттарынсыз ғимарат салған
Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Шұғыла шағынауданындағы Жуалы көшесі, 88 учаскедегі асхана мен дүкен бұзылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде меншік иесінің (жеке тұлға) рұқсат құжаттары болмаса да ғимарат салғаны анықталды.
Айта кетейік, 2023 жылғы 28 наурызда басқарма меншік иесіне қатысты ӘҚБтК-нің 316-бабы 1, 321-бөлігі бойынша шаралар қабылдады және жол берілген заңбұзушылықтарды жоюға нұсқама берді. Меншік иесі нұсқаманы орындамағандықтан, басқарма Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотына сүруге талап арыз берді.
2023 жылғы 9 қарашада Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының шешімімен талап-арыз қанағаттандырылды, 2024 жылғы 7 ақпанда Алматы қалалық соты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Меншік иесі Алматы қаласы Әділет департаментінің сот орындаушыларымен бірге нысанды ерікті түрде бұзуды бастады.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаев заңсыз құрылысты бақылауды күшейтуді тапсырған болатын.
Жалпы, қалада талап-арыз қою қызметінің нәтижесі бойынша өткен жылдан бастап 32 заңсыз нысан толығымен немесе жартылай бұзылды.
Атап айтсақ, бизнес-орталық, мейрамхана, қосалқы ғимарат пен автосервис, сондай-ақ Мечта және KHAN сияқты ірі тұрғын үй кешендері.
Оқи отырыңыз: Үздік аула: алматылық әйел лайфхакпен бөлісті